Инсталляторлар параметрлерін конфигурациялау

"Лаборатория Касперского" бағдарламаларын желіге орналастыруға кіріспес бұрын, орнату параметрлерін – бағдарламаны орнату барысында конфигурацияланатын параметрлерді анықтап алу керек. Желілік агентті орнатқан кезде кем дегенде Басқару серверіне қосылу мекенжайын, мүмкін болса, кейбір қосымша параметрлерді белгілеу қажет. Таңдалған орнату тәсіліне байланысты, параметрлерді әртүрлі тәсілдермен белгілеуге болады. Қарапайым жағдайда (қолмен таңдалған құрылғыға интерактивті орнатқан кезде) қажетті параметрлерді инсталлятордың пайдаланушылық интерфейсі көмегімен белгілеуге болады.

Бұл параметрлерді конфигурациялау тәсілі құрылғылар топтарына бағдарламаларды тыныш орнатуға қолайсыз. Әдеттегі жағдайда әкімші орталықтандырылған түрде параметрлердің мәндерін көрсетуі тиіс, олар одан әрі желідегі таңдалған құрылғыларға тыныш орнату үшін қолданылуы мүмкін.

Басына оралу